Жобаның мақсаты: Алматы қаласының Алатау ауданында «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы » қызметін ұйымдастыру, оның ішінде Әлеуетті өнім беруші психологиялық және заңдық қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмыс орнын іздеу, жұмыспен қамту және ұстап қалу саласындағы әлеуетті арттыру, мүгедек адамдарды тиімді бейімдеу мақсатында тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға оқыту мақсатында мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде есту қабілеті бұзылған мүгедектерге бағытталған кешенді сипаттағы қызметтерді ұсыну қабілетіне ие болуға тиіс және оларды қоғамға араласуына ықпал жасау.
Әлеуметтік қолдау орталығында келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
Мүгедектігі бар адамдарға заң, психологиялық және педогогикалық, білім алу жөнінде ақпараттық кеңес береміз;
Мүгедектігі бар адамдардың жеке қабілеттері мен дағдыларын ескере отырып, жұмыс іздеулері мен жұмысқа орналасуларына ықпал етеміз;
Мүгедектігі бар адамдардың жеке қабілеттері мен дағдыларын ескере отырып, жұмысқа орналасуына немесе жеке кәсіп ашуына арналған курстар жүргіземіз;
Мемлекеттік қызметтер жіне басқа қызметтер түрлерін алу үшін құжаттарын рәсімдеу бойынша көмектесеміз;
Сонымен қатар, ағылшын, қазақ тілдері мен ым тілінен курстар өтіледі.