Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматыда студенттік өзін-өзі басқару жүйесі белсенді түрде дамып келеді

Танымал

Ел аузында

Алматыда студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мен әлеуметтік белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқарып, қарқынды дамуда. Бұл жүйе “Almaty Leaders” жобасы аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және “Jastar Ruhy” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы 30 жоғары оқу орны студенттік өзін-өзі басқару жобаларына белсенді қатысуда. Мысалы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – 16, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 5, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде – 6, Нархоз университетінде – 4, Алматы технологиялық университетінде (АТУ) – 10, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Сәтбаев университеті) – 21 студенттік деканат жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 2023 жылы студенттік деканаттардың ашылуымен және 5 жаңа университеттің қосылуымен артты.

Студенттік өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі – Студенттік декандар мектебі. Оның алғашқы жиынына 250-ден астам студент қатысты, ал алдағы жылдары қатысушылар санының өсуі күтілуде. Бұл мектеп көшбасшылық және ұйымдастырушылық дағдыларды дамытуға, басқару саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Алматыда осы мектеп пен басқа көшбасшылық бағдарламалар аясында 10 000-нан астам студент оқытылды. Студенттік өзін-өзі басқарудың ауқымды жобаларының бірі – “Almaty Leaders”. Жоба 1000-нан астам студентті қамтып, тоғыз ірі шара ұйымдастырды. Солардың қатарында “Green Almaty” экологиялық акциясы, “MERGEN” садақ ату жарысы, киберспорттық турнирлер мен “Bookcrossing” жобасы бар. Бұл жобалар жастардың бірлесіп жұмыс істеу, шығармашылық және оқу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Осы орайда, “Үздік студент” номинациясын иеленген Қазынабекқызы Жібек жобаға деген өз пікірін білдірді:«- Мен, “Үздік студент” номинациясын иеленгенім үшін өте қатты қуаныштымын.Осы орайда, барша “Almaty Leaders” жобасының ұйымдастырушыларына өз алғысымды білдіргім келеді.”Almaty Leaders» жобасы – Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында, білім беру, мәдениет және жастарды қолдау салаларында маңызды рөл атқаратын, жергілікті тұрғындардың, білім алушылардың және жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған бастама. Жоба аясында көшбасшылық қабілетім артып, әрі қарай дамуға мотивация таптым.Алдағы уақытта, осындай ірі жобалар өз жалғасын тауып, көптеген шаралар болады деген үміттемін. Барша ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіремін!»-деп жобаға деген жылы лебізің білдірді.

Сонымен қатар, “Jana Beles” жобасы 10 үздік студент пен 4 үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымын марапаттап, студенттердің мотивация деңгейін 20%-ға арттырды. Жалпы алғанда, студенттерге арналған шаралар саны соңғы екі жылда 40%-ға артып, жыл сайын 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Бұл шаралар экология, спорт, мәдениет және білім беру салаларын қамтып, Алматы жастарының жан-жақты дамуына үлкен үлес қосуда.

В Алматы активно развивается система студенческого самоуправления

В Алматы наградили активных студентов

В Алматы быстро равивается система студенческого самоуправления, которая играет важную роль в развитии лидерских качеств молодежи и повышении их социальной активности. Данная система вышла на новый уровень благодаря проекту “Almaty Leaders”, который реализуется общественным фондом “Jastar Ruhy”, при поддержке Управления молодежной политики города Алматы. Сегодня в Алматы 30 вузов активно участвуют в проектах студенческого самоуправления. Например, в Казахском национальном университете имени аль-Фараби насчитывается 16 студенческих деканатов, в Казахском национальном женском педагогическом университете — 5, в Казахском национальном медицинском университете имени С.Д. Асфендиярова — 6, в университете Нархоз — 4, в Алматинском технологическом университете (АТУ) — 10, а в Казахском национальном исследовательском техническом университете имени К.И. Сатпаева — 21. Этот показатель увеличился в 2023 году благодаря открытию новых студенческих деканатов присоединению еще 5-ти университетов.

В его первой встрече приняли участие более 250 студентов, и ожидается, что в ближайшие годы число участников увеличится. Эта школа дает возможность развить лидерские и организаторские способности, получить опыт в сфере управления. В рамках этой школы и других лидерских программ в Алматы прошли обучение более 10 000 студентов. Один из масштабных проектов студенческого самоуправления – “Almaty Leaders”. В проекте приняли участие более 1000 студентов и было организовано девять крупных мероприятий. Среди них — экологическая акция “Green Almaty”, соревнования по стрельбе из лука “MERGEN”, киберспортивные турниры и проект “Bookcrossing”. Эти инициативы способствовали развитию навыков командной работы, творческих способностей и навыков обучения молодых людей.

В связи с этим, обладательница номинации «Лучший студент» Казынабеккызы Жибек выразила свое мнение о проекте: «Я очень рада, что получила номинацию «Лучший студент». В этой связи хочу выразить свою благодарность всем организаторам проекта “Almaty Leaders”. Проект “Almaty Leaders” играет важную роль в социально-экономическом развитии города Алматы, а также в поддержке образования, культуры и молодежи. Он направлен на развитие лидерских качеств среди местных жителей, студентов и молодежи. В рамках проекта мои лидерские навыки значительно улучшились, и я получила мотивацию для дальнейшего развития. Надеюсь, что в будущем такие крупные проекты будут продолжаться, и мы сможем увидеть еще больше мероприятий. Благодарю всех организаторов и участников!» — такими теплыми словами она выразила свою благодарность проекту.

Кроме того, проект “Jana Beles” отметил 10 лучших студентов и 4 лучших организации студенческого самоуправления, повысив уровень мотивации студентов на 20%. В целом за последние два года количество мероприятий для студентов выросло на 40%, ежегодно проводится более 100 мероприятий. Данные мероприятия охватывают сферы экологии, спорта, культуры и образования и вносят большой вклад во всестороннее развитие алматинской молодежи.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы активно развивается система студенческого самоуправления

В Алматы быстро равивается система студенческого самоуправления, которая играет важную роль в развитии лидерских качеств молодежи и повышении их...