Алматы облысының әкімі 97 жастағы қари әжемен кездесті

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданында қасиетті Құранды толық жаттаған 97 жастағы хафиз, қари әже Жұмакүл Мұратқызымен кездесті. Өңір басшысы ақ жаулықты ананың ұзақ ғұмырын, рухани жолдағы еңбегін жоғары бағалап, құрмет көрсетті.

«Сіз – асыл дініміздің қағидаларын ұстанып, өскелең ұрпаққа имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттаушы тұлғасыз. Сіздің өмір жолыңыз – ұрпаққа үлгі, ұлағатты өнеге», – деді әкім кездесуде.

Өз кезегінде Жұмакүл әже аймақ басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қаскелең қаласының тұрғыны, зейнеткер Сәлима Тлеубайқызы Бұлғақбаевамен жүздесті. Аймақ басшысы ардагер ананың өмірлік тәжірибесін ерекше атап өтіп, оның қазақ қоғамындағы маңызын атап өтті.

«Сіз сияқты жандар – қазақ отбасының алтын қазығы, ұрпақтың тәрбиешісі. Еңбегіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз – біз үшін баға жетпес қазына», – деді өңір басшысы.

Кездесу барысында қарт ана ел дамуына үлес қосқан азаматтарға көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде...