Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы қанша?

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы Целиноград аудандық емханасының директоры Дәурен Сибанбаев Қазақстандағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОКҚ брифингі барысында Сибанбаев елдегі орташа жалақы жыл сайын өсетінін айтты.

«Қазір бізде университетті бітірген жалпы медицина дәрігерінің орташа жалақысы – шамамен 382 мың 489 теңге. Бейінді маманның орташа жалақысы – 288 мың 367 теңге, ал жалпы тәжірибелік медбикенің орташа жалақысы – 246 мың 347 теңге. Бұл – негізгі орташа жалақы. Содан кейін бұл сомаға жұмыс тәжірибесі мен санатына қарай тағы қосылады», – деді Дәурен Сибанбаев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына...