Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Түрксіб ауданында жастар арасында музейлік квест өтті

Танымал

Ел аузында

Түрксіб ауданының демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері үшін ерекше танымдық шара — музейлік квест ұйымдастырылды. Шара барысында жастар үш командаға бөлініп, тарих, өнер, этнография және қазіргі мәдениет салаларын зерттеу арқылы өзара жарысты.

Квест қатысушылары барлығы бес түрлі музейге барып, әрқайсысының мазмұнымен тереңірек танысты. Бұл жолғы танымдық сапар барысында балалар тек жарысып қана қоймай, сонымен қатар көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты меңгеріп, еліміздің мәдени-тарихи мұраларымен жақынырақ танысты.

Жастар әр музейден тапсырмалар орындап, логикалық ойлау мен топтық жұмыс дағдыларын жетілдірді. Квест форматы балалардың танымдық белсенділігін арттырып, оларды өз бетінше ізденуге және білімге құштар болуға итермеледі.


«Біздің мақсатымыз – жастардың мәдениетке, тарихқа деген қызығушылығын ояту. Музейлік квест арқылы олар музейлердің тыныс-тіршілігін ойын түрінде танып, жаңа дүниелерді оңай қабылдайды. Бұл – оқытудың тиімді әрі қызықты тәсілі», – деді шара ұйымдастырушысы Нұрасыл Аманғазы.

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар тарту етті. Бұл музейлік квест балалардың есінде ұзақ сақталар жарқын әсер қалдырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Алтын Адам» номинациясының иегерлері анықталды!

    Мемлекет басшысы 2025 жылды Еңбек Адамы жылы деп атауды ұсынған болатын. Өйткені қоғам нағыз еңбек адамдарының арқасында тоқтаусыз дамып,...