Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

«Алтын Адам» номинациясының иегерлері анықталды!

Танымал

Ел аузында

    Мемлекет басшысы 2025 жылды Еңбек Адамы жылы деп атауды ұсынған болатын. Өйткені қоғам нағыз еңбек адамдарының арқасында тоқтаусыз дамып, еліміз сондай жандардың арқасында өркендеп келеді. Мұндай жандарды үнемі басқаларға үлгі етіп, ынталандырып отырған да жөн. Осы орайда ұлт жанашыры Динара Бердімұраттың ұйымдастыруымен Алматыда «Алтын адам» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. 

Жалпы «300 қайраткер» Энциклопедиялардың  авторы, Ұлт  жанашыры, Қоғам қайраткері, «Балаларды қорғау қорының» директоры, Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатымен марапатталған,  жақында ғана ҚР Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы бойынша Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл мерекелік медалімен наградталған Динара Бердімұраттың бұл көп игі ісінің бірі ғана. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы жарлығымен марапатталған жандардың ішінде еліміздегі барлық сала өкілдері қамтылды деуге болады. Республика бойынша іріктеліп, сарапқа салынып, өз саласының өркендеуіне үлес қосып, патриоттығымен көзге түсіп,  өз ісінің маманы болып жүргендердің әрқайсысы сол марапатқа шын лайықтылар деуге болады.

Олардың ішінде қазақстандық боксшы, әлемнің 3  дүркін чемпионы, Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарының 51 кг салмақта қола жүлдегері Назым Қызайбай секілді атағы жер жарған спортшылармен қоса, талай адамның өмірін сақтап қалған ақ халатты абзал жандар да, талай адамды білім нәрімен сусындатқан ұстаз да, еліміздің қауіпсіздігін күзеткен әскери адамдар мен Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері де, тіпті әлеуметтік желіде ерекше әрекетімен көзге түскен неонтолог мамандар да бар.

Олардың әрқайсысы «Алтын адам» деуге лайық мамандар. Шара барысында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениеттану ғылымдарының докторы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Бокебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Алғыс хатының” иегері, Аманат партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, С.Канкуровтың “Алғыс хатымен марапатталған, Бауыржан Момышұлының “Намыс”, “Батыр Шапағаты”, “Ел Жанашыры” төсбелгілерінің иегері, “Алтын жүрек”  номинациясының иегері Асанова Замзагуль арнайы сөз сөйлеп марапатты иелеріне табыстады. 

Биылғы «Алтын адам» номинациясының иегерлері:

Қазақстандық боксшы, Әлемнің 3  дүркін чемпионы. Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының 51 кг салмақта қола жүлдегері Назым Абайқызы Қызайбай

Қоғам белсендісі, Ардақты Ана, Жетісу ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі Шакирова Тамара Мухтаровна 

ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері,  «Қазақстанның Алтын кітабы», «100 қайраткер әйел»,  «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы», «Қазақстанның үздік әйелдері» атты жинақтарына енгізіліп, осы аттас арнайы медалдардың иегері және  Қостанай облысы «Наурызым ауданының құрметті азаматы» – Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы

Қоғам Қайраткері , Жамбыл Облысының Құрметті азаматы, Облыстық Маслихат депутаты Мамасбаев Джайх Есмуратович 

Коммуналдық қызмет көрсету саласының қызметкері. Қоғам белсендісі. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері, Алматы қаласы әкімінің, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарының иегері, «Алтын адам » номинациясымен марапатталған, «Жасыл бәйтерек » Тұтыну кооперативінің төрайымы Иргембаева Бакытгул Калмакбаевна 

Философия Phd ғылымдарының докторы, профессор, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Құран кімнің сөзі?», «Тұлға болам десеңіз» т.б да жиырмаға жуық кітаптың авторы, белгілі танымал ғалым – Паттеев Мухитдин Исаевич

Премьер-Министріміздің, Мемлекет басшысының ел экономикасына инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына өз үлесін қосып, Қытайдың ірі өнеркәсіптік компанияларымен өнімді жұмыс жүргізіп, жұмыс сапарлары, кездесулер және басқа да іс-шаралар шеңберінде жасалған жобалар, іске асыру туралы келісімдер бойынша ҚХР-ң екі ірі арнайы жабдық техникаларын өндіретін «Weichai holding group» және «Kaili group» компанияларынан инвестициялық ұсыныс құжатын елімізге жеткізген, халықаралық экономикалық ынтымақтастық жолында табжылмай еңбек атқарып жүрген, Кулназарова Гульназ Жалгасбаевна

Президентіміздің дипломатиялық бағыт бағдардағы жолын үлгі тұтып, 7 тілді меңгерген, өнегелі отбасы, көп балалы ана -Кулназарова Гульназ Жалгасбаевна

Ақтөбе облысының Полиция Майоры- Султангалиев Дастан Данашович Темір ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы

Балалар психологы, Түркістан облысында алғашқы нарыққа шыққан  білікті логопед-дефектолог- Қоғам қайраткері Жусипова Эльмира Наурызбайқызы

АлматыГидроГеология ЖШС-ның бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, еңбек ардагері, жер қойнауын барлаудың үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы, Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық картасының авторы -Аязбаев Рахматулла

Арафат мешітінің Имамы Дінтану магистрі, Ұлт жанашыры, Қоғам қайраткері, «Алтын Жүрек» номинациясының иегері, «Намыс» төс белгісінің иегері Ел жанашыры Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы

ҚР еңбек сіңірген кәсіпкері. Отандық бренд «Dayin» «Q-Line» «Sakuma» өнімінің негізін қалаушы, «JM Corporation» Косметика бытовой химия зауыт директоры. өндіруші. «Sulu Time» кітабының авторы: Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісінің иегері. «Ел жаңашыры» орденінің иегері. «Намыс» төс белгісі, ҚР Президентінің Алғыс хат иегері, Меценат- ЖАЙНАР КУМУЛА

Абай облысы Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері;»Терапия» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер, Ұлыбританияда білім жетілдірген экономика және бизнес магистрі, Үржар ауданының құрметті азаматы Абылқасымов Баубек Шайзадаұлы

Психолог,психология магистрі, жеке кәсіпкер, көп балалы ана, “Алтын алқа”иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің “Алғыс хаты“, Б.Момышұлы атындағы “Батыр шапағаты” медалы, “Медицина саласының үздігі” медалы ,ел жанашыры Аширбекова Данна Қыздарбекқызы 

Елімізге белгілі адвокат, Ұлт жанашыры, Қоғам белсендісі. Ел Жанашыры, 8 баланың әкесі,  әр жұма сайын заң саласы бойынша тегін халыққа көмек беріп, халықты қуантып жүрген  Қоғам қайраткері – Кішкенебаев Тлеужан Жұмабекұлы

Оставкадағы подполковник, кәсіпкер «Ледикар» әйелдер мен балаларға арналған такси қызметінің негізін қалаушы, Лаура Аманғалиқызы

Қоғам қайраткері, «PROFEXPERT FONDATION» қоғамдық қорының президенті, «PROFEXSPERT» ЖШС бас директоры, кәсіпкер, «Аманат» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Алғыс хатының иегері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 30 жылдық мерекелік және “ Ұлт жанашыры» медальдарымен марапатталған- Қалиоллаев Руслан Қалиоллаұлы

Кәсіпкер, әлеуметтік құрылыс маманы, көптеген құрылыс жобаларының демеушісі, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызметінде жүрген мамандарды тұрғын уймен қамтамасыз ету жобасының  демеушілерінің белсендісі -Қанат Рыскалиұлы Кусаинов

Кәсіпкер Қонаев қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, бас директордың орынбасары, Кен өндіру компаниясының басшысы- Сүлейменова Гүлжан Лесбекқызы

АСУ пәтер иелері кооперативінің Төрағасы , Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төс белгінің иегері, Қоғам қайраткері Құрмет белгісі медалдардың иегері, Ел жанашыры- Утегенов Бахтыбай Мажитович

 Қоғам қайраткері Ел Жанашыры, 300- қайраткер тізіміне енген, қарым қатынас эксперті, нейротрекер, коуч, педагогика ғылымдарының phD докторанты Жансая Ибраем

Мемлекеттік “Аманат” партиясының мүшесі, қоғам қайраткері және Қазақстан ардагерлер қауымдастығының кеңесшісі, Халықаралық дәрежедегі бокс төрешісі-Құйқабаев Дидар Аскербекұлы

Жеке кәсіпкер DEMEU GROUP тігін фабрикасының директоры Қазақстан Республикасы QAZ textile industry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігі заңды тұлғалар мен жек кәсіпкерлердің өзін өзі басқару ұйымының Шымкент және Түркістан облысы бойынша филиал директоры, ел Жанашыры, ҚР Президентінің алғыс хат иегері- Ерназарова Ботакөз Сайфуллинқызы

 Кәсіпкер, Ел Жанашыры. Қоғам белсендісі- Баянбай Байбатша

Алматы қаласындағы “Бал-Балам” – заманауи балабақшалар желісінің негізін қалаушы, “Luxury Home Казахстан” интерьер шоу-румының негізін қалаушы “Luxury Home Textile “-дизайнерлік перделер салоны және өндірістерінің негізін қалаушы Nolte -неміс ас үй жихаз компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі Қазақстанның -1 ші “Вице Миссис Globe”иесі- Макеева Алия Нұрмұхаметқызы

Ел Жанашыры, дизайнер, қол өнерші, қоғам белсендісі- Кубеев Гани Ажиакбарович

Жеке кәсіпкер DEMEU GROUP тігін фабрикасының құрылтайшысы, Батыр шапағаты медалінің иегері, ҚР Президенті алғыс хатымен марапатталған- Cәкен Ерназаров

Еліміздің басты қалаларында бірнеше «Bilim_brend_balabakshasy»  білім беру орталықтарының негізін қалаушы. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына орасан зор үлес қосып жүрген тәжірибелі кәсіпкер –  Гүлден Нұрғазықызы “Батыр Шапағаты” медалінің иегері

Әнші, актриса, Бизнес Леди, Продюсер, мұқтаж жандарға қайырымдылық ісімен ерекше көзге түсіп жүрген Ел Жанашыры- Сиви Махмуди

Кәсіби мұнайшы, Жеке кәсіпкер, Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр Шапағаты” атты медалінің иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері, Қазақстан Республикасының 300 қайраткері энциклопедиясына енген Қоғам қайраткері, “Алтын жүрек” номинациясымен марапатталған Қаспақбаев Ғалымжан Қоянбайұлы

Қазақстандағы тұңғыш әйелдер автомектебінің негізін қалаушы,  Президенттіміздің алғыс хат иегері, “Намыс” төсбелгісінің және “Алтын Жүрек” номинациясының иегері, Ел Жанашыры,Қоғам қайраткері – Асылзат Ералықызы.

Әуезов ауданы ХҚКОның басшысы Ұлт Жанашыры, Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталған, Қоғам қайраткері, Ел Жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төс белгісінің иегері Айнабеков Айдос Нураланұлы

Ұлт жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр Шапағаты”, “Намыс” төсбелгілерінің иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері, Қазақстан Республикасының 300 қайраткері энциклопедиясына енген Қоғам қайраткері, “Алтын адам”, “Алтын жүрек” номинациясымен марапатталған, “Сабира Домбыра мектебінің” негізін қалаушы, күйші-домбырашы Бибатыр Сабира Егізбайқызы.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері, “Алтын жүрек” номинациясымен марапатталған, Ерекше дауыс иесі, дәстүрлі әнші, композитор -Оразхан Шаба Әбденқұлқызы

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс” пен “Алғыс хатының” иегері, Аманат партиясының Алматы қалалық филиалының  төрағасы  С.Канкуровтың “Алғыс хатымен марапатталған, Бауыржан Момышұлының “Намыс” “Батыр Шапағаты” “Ел Жанашыры” төс белгілерінің иегері, “Алтын жүрек”  номинациясының иегері – Асанова Замзагуль Ермековна

Дәрігер, мануалды терапевт, Ұлт Жанашыры, меценат, қоғам ĸайратĸері. Қазахстан Руспубликасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алғысхатын алған «Алтын жүреĸ», “Батыр шапағаты” , “Намыс” төс белгілерімен марапатталған.- Рулат Нұрғалымұлы Өтемісов

Перинатология саласында  30 жылдан  аса жұмыс жасап,  жүкті  әйелдерді өмірге жеңіл босануға дайындап,  ана мен сәбидің қуанышына ортақтасып келе жатқан, Перинаталды психолог, Қазақстандағы ең алғашқы Доула маманы Байтұрсынова Айман Қабылбековна

Остеопат, Ел Жанашыры, Қоғам белсендісі -Муралиева Сауле Бахытжановна

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының Атырау қалалық 1 халыққа қызмет көрсету бөлім басшысы Ашенов Расул Тастайбекұлы

Жеке кәсіпкер, «Манар» халықаралық қайырымдылық қорының негізін қалаушы, Ел жанашыры, Қоғам Қайраткері- Мұқанова Манар Рысқалиқызы

 Логопед-дефектолог, практик, педагогика ғылымдарының магистрі. Логопедиялық және дефектологиялық оқулықтардың авторы. Ел жанашыры, қоғам қайраткері, “Алтын жүрек”, “Алтын адам-2022” номинациясының, “Батыр шапағаты” және “Намыс төсбелгісінің иегері- Сарсенбаева Айгерім Алтынбаевна

«Ел жанашыры» медалінің иегері, Қазақстан  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Алғыс хатының иегері, Жамбыл облысы, Шу қаласында ерекше балаларға арналған «Логоцентр» Түзете дамыту орталығының негізін қалаған,  реальбитолог, остеопат маман – Төлеуқұл Ағыбай Сембайұлы

Ел жанашыры Медиатор, Мотиватор, меценат Менің ғажайып Әлемім күнделік марафон авторы, Қоғам белсендісі Цифрлы Психолог-Сахова Меруерт Айталиевна

Ұстаз, «Гаухар ана» медалінің және  «Еселі еңбегі» үшін медалінің иегері, республикалық «Ұстаз мәртебесі» энциклопедиясына енген – Маржан Асылханқызы

Перинатология және балалар кардиохирургия орталығының неонатолог дәрігері, 6 жыл бойы нәрестелер жан сақтау бөлімінде қызмет етіп, Ана мен баланың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген – Алдияров Берік Махамбеталиұлы 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс” пен “Алғыс хатының” иегері, Аманат партиясының Алматы қалалық филиалының  төрағасы  С.Канкуровтың “Алғыс хатымен марапатталған, Gul_dyMed CLINIC-ң негізін қалаушы дәрігер  – Серік Гүлмира 

Білікті ұстаз, Еңбек даңқы төсбелгісінің иегері, Ұлт тұлғасы кітабына енген. Әйелдер кеңесі төрайымы, медиатор – Биманова Гулмайра  Тыныштиковна 

 Бухгалтер, дизайнер конструктор, тігін ісі бойынша ерікті ұстаз, 2014 жылдан бастап мұқтаж әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп келеді – Амирбекова Раиса Серикбаевна

Салық салу және қаржы саласының білікті маманы, сертификатталған салық аудиторы, кәсіби бухгалтер, табысты жеке консалтингтік ФИНКОМ компанияның негізін қалаулысы — Бугенбаева  Бану Темірбайқызы.

Заңгер, Қаржыгер, Қоғамдық Медиатор, Жеке Кәсіпкер, халыққа қызмет жасап жүрген Эксперт Лазиза Бердыбекқызы!

“Данышпан” нейро оқу орталықтар желісінің негізін қалаушы, нейропедагог, бастауыш сынып эксперті, Ел жанашыры, қоғам қайраткері Тұлғалыққа бір қадам” кітап оқу бәйгесінің авторы – Қалиева Шолпан Қасымханқызы

13 жылдық тәжірибесі бар дауыс қою маманы. Тұтығудың емін Қазақстанда алғаш рет тауып, соңғы бір жылда 120 адамның тұтығуын емдеп шығарған Балнұр Омар Талғатқызы.

5 жыл тәжірибесі бар бастауыш эксперті,  нейропедагог маманы,* Педагогика ғылым министрі, 8 орталықтың негізін қалаушы, «Дана Тұлға» мектебінің негізін қалаушы,  қоғам кайраткері, ұлт жанашыры, Бауыржан Момышулы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері- Турганбекова Айдана Сарсенбековна

Жас кәсіпкер, дистрибуция саласынын маманы, Ел Жанашыры- Нұрахметов Ескендір Муратұлы

Жеке кәсіпкер, ерікті, ҚР Президентінің Алғыс хаты иегері, Ел жанашыры меценат. “Алтын Жүрек”-2024 номинациясының иегері. Бауыржан Момышұлы, атындағы «Батыр Шапағаты» медалінің иегері- Альяр Ерлан

Алматы облысының департаменті Талғар ауданындағы патрульдік полиция қызметкері, полиция аға лейтенанты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері- Кузенбаев Калмуһаммед Бекжанұлы

Елдің жетекші кондитер аспазшысы, Ел Жанашыры, Қоғам қайраткері, Бахтыбаева Жанна Бакытжановна

Кәсіпкер, мұнайшы Ұлт жанашыры, Қоғам белсендісі- Самай Арыстан 

«Ел Жанашыры», «300 Қайраткер» энциклопедиясының кейіпкері, «ZEIIN CONSALTING gruoup»  директоры, заңгер- Меңдібаева Ақсәуле Айболқызы

Дәрігер-узист , алтын эксперті, жас кәсіпкер, меценат, Қоғам белсендісі, Ел Жанашыры Мұратбай Жадыра Дүйсенбайқызы

Жаңа туылған балалар бөлімінің мейірбикесі, Ел жанашыры білікті маман Чингисова Айнур Акперхановна

Жеке кәсіпкер, ҚР дамуына әр салалы кәсіппен өз үлесін қосушы.

Еліміздегі спорт және өнер-білім, дін саласында журген жастарға демеуші -Увалиев Тимур Маратұлы

Шымкент  қаласы, №2ші қалалық аурухана дәрігер акушер-гинекологы. Еңбек стажы 29 жыл- Баймендиева Ботагөз Тохтарқызы

Білікті логопед, дефектолог, Ел жанашыры, қоғам қайраткері- Датқабай Әйгерім Ерсұлтанқызы

Кәсіпкер. Ұлт Жанашыры, Ел Жанашыры Дүйсенбай Құзаршың

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...