Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
22.3 C
Almaty
22.1 C
Shymkent

Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтар – басты назарда

Танымал

Ел аузында

Отбасының береке-бірлігі – әр баланың болашағына салынған алғашқы кірпіш. Себебі халқымызда айтылғандай, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Әр шаңырақтың татулығы мен ауызбіршілігі – елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Отбасындағы тәрбие – ұрпақтың өнегелі болмысының бастау көзі.

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында “Отбасы өнегесі – Отан өнегесі” атты тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шараны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева ашып, жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, отбасының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов, аудандық полиция бөлімінің өкілі Құндыз Таубазаровалар сөз сөйлеп, бүгінгі отбасы институтының маңызы, татулық пен өзара түсіністіктің қадірі жайлы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жастар арасында кездесетін ажырасу мәселесіне тоқталып, оның алдын алу жолдары жөнінде тұщымды пікірлер айтты.

Шараға үлгілі отбасылар ретінде арнайы шақырылған Мұқашевтар мен Нұралылар әулеттері өз шаңырақтарының ұйытқысы бола білген тәжірибелерімен бөлісіп, ұл-қыз тәрбиесінде маңыз беретін құндылықтар туралы ой қозғады.

Іс-шара соңында аудан әкімі Ермек Карентаевтың атынан бұл өнегелі отбасыларға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Кеш көркін аудандық мәдениет үйінің қызметкері Медет Әлиакбаровтың аналар құрметіне арналған әсерлі әні аша түсті.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз» демекші, әр қазақ отбасының шаңырағы берік, керегесі кең болсын. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Ұлттың ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі екені естен шықпасын.

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Дербес кассациялық соттарды құру маңызды

2024 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес,...