Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.6 C
Nur-Sultan
16.1 C
Almaty
17 C
Shymkent

«Қазақ күресі» демалыс орталығының жас спортшысы республикалық турнирдің жүлдегері атанды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының Талғар ауданында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Бұл жарыс Райымбек ауданының Құрметті азаматы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және әлем чемпионаттарының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Еркін Мұқашұлы Сайдақовтың жүлдесіне арналды.

Турнирге еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық жас спортшы қатысты. Олардың қатарында Түрксіб ауданындағы «Қазақ күресі» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Алібек Расұл 56 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі 3-орынды иеленіп, спорт шеберлігіне кандидат атағын алды. Бұл жетістік – жас спортшының табандылығы мен ерік-жігерінің айқын дәлелі.

«Бұл менің республикалық деңгейдегі алғашқы ірі жеңісім. Өз орталығымды таныстырып, үздік үштікке енгеніме қуаныштымын. Бұл – тек бастамасы», – дейді Алібек Расұл.

Бүгінде Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда балалар мен жасөспірімдер өз қабілеттерін дамытып, спортпен, шығармашылықпен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алуда. Алібек секілді дарынды жастардың жетістігі – жастарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Воспитанник досугового центра «Қазақ күресі» стал призёром республиканского турнира и получил спортивное звание

В Талгарском районе Алматинской области состоялся Республиканский турнир по казахской борьбе среди юношей 2010–2011 годов рождения. Соревнование было посвящено...