Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.9 C
Nur-Sultan
21.7 C
Almaty
23.6 C
Shymkent

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Танымал

Ел аузында

Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды. Емхана қабырғасына шақалақ ауыр хәлде жеткізілген. Дәрігерлер қажетті тексерулерден кейін баладан геморрагиялық типтегі жіті ми қанайналымының бұзылысын анықтаған. Сол жақ самай-төбе аймағында масс-эффектпен байқалатын жіті миішілік қан ісігін көрген. Шұғыл көрсеткіштер бойынша нейрохирургтер сәбиді ота үстеліне жіберуге шешім қабылдапты.

«Науқас ауыр хәлде жеткізілді. Краниотомия, яғни субдуралдық ісікті дренаждау отасын жасау шешілді. Қуанышымызға орай бәрі сәтті аяқталды. Нәресте одан кейін неонатолог Арайлым Болат, анестезиолог-реаниматолог Ұлжан Маханованың бақылауында болды. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі нәтижесінде баланы аман алып қалдық», – дейді отаны жүргізген нейрохирург Рахим Ахмаров.

Ақ халатты жандардың айтуында, нейрохирургиялық араласудан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, бала денсаулығында оң динамика байқалыпты. Сәби 12 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілген. Қазіргі таңда оның дені сау, жасына сай дамып келеді, – дейді дәрігерлер. Айта кетерлігі, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тегін жүргізілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жастар кеңесі: Алматы жастарына арналған дамудың жаңа бағыты

С начала года во всех комьюнити-центрах нашего города проходят регулярные мероприятия, направленные на поддержку личностного и профессионального развития молодежи....