Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.1 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
23 C
Shymkent

Екі шорқақ полиция қызметкері туралы оқиға — бүкіл әлемді баурап алған жаңашыл формат

Танымал

Ел аузында

Маусым айының басында Алматыда «Бақылауда» атты жаңа қылмыстық комедияның түсірілімдері басталды — бұл Кинопоиск платформасының Қазақстандағы алғашқы жобасы.

«Бақылауда» — Австралияда сәтті бастау алған ірі халықаралық франшизаның бір бөлігі. Соңғы он жыл ішінде бұл жоба түрлі нұсқаларда жүзеге асырылып, Paramount+ (АҚШ), Amazon Prime (Жапония, Италия), HBO Max (Испания) сынды әлемдік ірі платформаларда көрерменге жол тартты. Әр нұсқада оқиғаның негізінде — ірі арнайы операцияның ортасында қалған екі шорқақ полицей-әріптес тұрады. Қазақстандық нұсқа көрерменді жергілікті колоритпен, ерекше әзілмен және таныс мінез-құлық үлгілерімен баурайды.

Жобаның режиссері — Дамир Тастембеков. Басты рөлдерде — Данияр Алшинов («Жаным, сен сенбейсің!», «Атбайдың шайқасы», «Патриоттар уақыты») пен Еркен Губашев («Ойыншы», «Бизнесмендер», «Бала кез оқиғасы»). Сондай-ақ, сериалға Мира Добрынина, Светлана Тарасова, Қайрат Әділгерей, Азат Жұмаділ, Ерлан Примбетов, Ілияс Жапаров, Ілияс Қолжасаров және премьераға жақын уақытта аты-жөні жарияланатын жұлдыздар қатысады.

Түн. Гараждар. Ескі седанның салоны уақыт тоқтап қалғандай — стақанұстағышта салқындап қалған кофе. Бәлкім, дәл қазір бір жерде қылмыс жасалып жатқан шығар. Бірақ бұл жерде емес. Оперуполномоченные Асхат пен Бауыржан күдіктілерді бақылап, бандиттердің пайда болуын күтіп отыр.

Диспетчер бөлмесінде Дариға мен Алена іштері пысып отыр. Бәрі тым тыныш сияқты — бірақ бұл тек сырттай ғана.

Күтпеген жерден оқиға шиеленісіп, интрига шарықтай түседі — Асхат пен Бауыржанның көзіне Жомарт пен Зангар түседі. Бұл екеуі — адамды аңғал қылықтарымен шатастырып жіберетін қылмыскерлер. Бірақ Асхат пен Бауыржанды — ешкім алдай алмайды.

«Сериалда біз қарапайым полицейлер мен тұрғындардың өзекті мәселелерін көрсетеміз: жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамтамасыз ету, несиелер мен қарыздар сияқты күнделікті өмірлік жағдайлар. Бірақ басты ой — есірткінің өте қауіпті екендігі. Қандай жағдайда болсаң да, оған жоламау керек», — дейді фильмнің режиссері Дамир Тастембеков.

«Бұл — қылмыстық элементтері бар комедия, бірақ ол — мейірімді қылмыс. Өйткені біздегі барлық кейіпкерлер — жақсы адамдар. “Бақылауда” — австралиялық сериалдың бейімделген нұсқасы. Дегенмен, біз оған ұлттық сипат беріп, өз менталитетімізге сай өзгертулер енгіздік. Кейіпкерлердің бейнесін де қайта жасап шықтық — олар бізде мүлде басқаша әрекет етеді. Жалпы алғанда, түпнұсқалық материалдың шамамен 80 пайызын өзгертіп шықтық», — дейді сценарий авторлары Медет Қалибеков пен Аубакир Емілбай.

«Оқудан-ақ біз екінші бөлімнен бастап күлкіге ерік бермей қалдық — бұл шын мәнінде ерекше әсерлі болды! Бүкіл топ болып күлдік, себебі сценарий өте шынайы әрі шынымен күлкілі болып шықты. Диалогтар — тамаша, өте тапқыр. Оқудан кейін әріптестерімізбен бір ауыздан: “Барынша дәл ойнап, экранда осы қалпында жеткізу керек” дедік. Бұл біз үшін басты міндетке айналды», — дейді Дариға рөлін сомдаған актриса Мира Добрынина.

ПОД КОНТРОЛЕМ

Жанр: Қылмыстық комедия

Жас шектеуі: 16+

Эпизод саны: 8

Әр эпизодтың ұзақтығы: 30 минут

Өндіруші компания: Jana Media

Продюсерлер: Александр Аксютиц, Рустам Юсупов, Игорь Воробьёв

Сценарий авторлары: Медет Калибеков, Аубакир Емилбай

Қоюшы режиссёр: Дамир Тастембеков

Бас оператор: Юрий Левандовский

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жолан жүйрігін» анықтайтын күн жақын

21 маусым күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара жайлауында дәстүрлі «Қымызмұрындық» және «Жолан жүйрігі — 2025» бәйгесі өтеді. Бұл...