Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.6 C
Nur-Sultan
19.6 C
Almaty
20.2 C
Shymkent

Алматы волонтерлері 100-ден астам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап кино көрсетілім ұйымдастырды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ерекше әрі әсерлі шара өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында 100-ден астам тәрбиеленушіге арнап киноға бару ұйымдастырылды. Балалар отандық туындыны көріп, шынайы эмоциялар мен қуанышты сәттерге бөленді.

Жобаның мақсаты – балаларға тек сыйлық емес, ең бастысы – қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы жылулық сыйлау, оларды қоғамның бір бөлшегі екенін сезіндіру. Волонтерлер мұндай шаралардың маңыздылығы материалдық көмектен кем емес екенін атап өтеді.

Жобаның еріктісі Шамши Құдайберген өз ойымен бөлісті:

«Біз үшін мұндай шаралар материалдық көмектен кем емес. Бұл – эмоция, бұл – шынайы көңіл бөлу. Балалардың күліп, мәз болып, фильмнен кейін әсерімен бөліскенін көру – біздің басты мақсатымыздың орындалғанын білдіреді. Әр бала — маңызды, және біз соны көрсеткіміз келеді».

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы алдағы уақытта да балалар үшін түрлі игі шараларды жалғастыра бермек. Алда – танымдық экскурсиялар, шеберлік сабақтары, актерлермен кездесулер және тағы да басқа іс-шаралар жоспарланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Волонтёры Алматы организовали кинопоказ для более 100 детей из детских домов

В Алматы волонтёры организовали тёплую и запоминающуюся встречу для детей, оставшихся без попечения родителей. В рамках проекта «Социальная мастерская», при...