Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
18.8 C
Almaty
22.6 C
Shymkent

Наурызбай ауданында «Бес қару» әскери-патриоттық сайыс өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен есірткіге қарсы шара өтті.

2025 жылғы 26 маусым күні «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес» күніне орай  Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағындағы №157 жалпы білім беретін мектепте Наурызбай ауданының демалыс орталықтары арасында «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Сайысқа 14–16 жас аралығындағы балалардан құралған командалар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, әскери-қолданбалы дағдыларды дамыту және шұғыл жағдайда әрекет ету қабілеттерін шыңдау болды.

Сайыс барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:

  • автомат (макет) шашып-жинау;
  • автомат оқтарын жинау;
  • алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • газтұмылдырық киіп жүгіру;
  • түрлі кедергілер жолағынан өту;
  • турникке тартылу.

Сайыс нәтижесінде:

  • 1-орынды – «БізЖібек» командасы;
  • 2-орынды – «Асар арлан» командасы;
  • 3-орынды – «Бәйтерек» командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, кубок, статуэтка және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шара жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, тәртіпке, батылдық пен жауапкершілікке баулыды. Осындай әскери-патриоттық сайыстар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....