Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
23.6 C
Almaty
28.7 C
Shymkent

«Спорт- денсаулық кепілі» атты кездесу өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде  – ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесіне  орай, спортшы, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, Еуропа чемпионы Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионыАрдақ Құттықожаұлы Назаров және ММА-ден әлемнің екі дүркін чемпионы Қазбек Әшім, ММА-ден әлемнің бір дүркін чемпионы Аңсар Дәулетбай және  Батырбек Абылай  жазалы жасөспірімдермен «Спорт- денсаулық кепілі!» және Жедел іздестіру іс-шаралары «Допинг» бойынша нашақорлыққа қарсы күрес және оны алдын алу есірткіден, сақтану бойынша сұрақтар талқыланып, түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Сонмен қатар іс-шараға Алматы қаласы және Жетісу ауданының прокуратура өкілдері қатысты.

Ардақ Құттықожаұлы Назаров  қазіргі күнге дейін жеткен жетістіктері, бағындырған белестері туралы әңгімеледі.Ол өмір жолын баяндай отырып, жасөспірімдерді жаман әдеттерден алыс болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамға пайдасы тиер жақсы азаматтар болып шығуларына тілектестігін білдірді.

Иә, мұндай кездесулер жазалы жасөспірімдер үшін ауадай қажет. Екіжақты диалог, пікір алмасу кеші ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында ұйымдастырылды.  

Іс шара соңында, мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Нұрлан Серікұлы Керебаев мекемедегі жазалы жасөпірімдердің  атынан алғыс айтып, қонақтарға алғыс хат ұсынып, жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды. Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру, нашақорлықтан аулақ болу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

                                           №11 мекеме  Жеңісхан Еркегүл

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...