Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Сейсмикалық қауіпсіздік: Алматы студенттері төтенше жағдайларға дайындықты үйренуде

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, жастар арасында сейсмикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді ақпараттық шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.

Жаңа оқу жылы аясында жоғары оқу орындарының студенттеріне жер сілкінісі, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері және қауіпсіздік алгоритмдері кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету сынды өмірлік маңызы бар тақырыптар да қамтылуда.

Шараның негізгі мақсаты — жастардың дағдарыс сәтінде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауына, тиімді әрекет етуіне ықпал ету. Алматы сейсмикалық тұрғыдан аса күрделі аймақ болғандықтан, әрбір азаматтың, әсіресе жастардың, төтенше жағдайда өз өмірін қорғап, өзгелерге көмек көрсете білуі қоғам қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды.

Шараға қатысқан студент Айжан Бекова алған әсерімен бөлісті: «Бүгінгі іс-шара барысында мен көптеген пайдалы ақпарат алдым. Әрбір азамат төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс деп ойлаймын. Мұндай оқыту жұмыстары тағы ұйымдастырылса, міндетті түрде қатысар едім», – деді ол.

Алдағы уақытта мұндай ақпараттық бағдарламалар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, қаланың барлық комьюнити орталықтарында да өткізілетін болады. Жастар үшін интерактивті кездесулер, симуляциялық жаттығулар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылып, олардың қауіпсіздік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік жасалады.

Ақпараттық-ағарту жұмыстары — төтенше жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Қауіп-қатер туындаған сәтте ғана емес, оған алдын ала дайын болу — заманауи қоғамның басты қағидасы. Осы орайда Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен бастамасы жастардың қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға және жауапкершілігін нығайтуға жүйелі түрде ықпал етуде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...