Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Алматыда «Жаңа дәуір жастары» атты диалог алаңы өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында қала жастарының қатысуымен «Жаңа дәуір жастары» атты пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қаланың белсенді жастары өткізді.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік құндылықтарды нығайту, сондай-ақ ел дамуына үлес қоса алатын жаңа бастамалар мен идеяларды бір алаңда талқылау.

Диалог барысында спикерлер мен қатысушылар еліміздің тарихи кезеңдері, тәуелсіздіктің құндылығы, ұлттық бірегейлік, жастар белсенділігі және қоғамдағы еріктіліктің жаңа рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қала жастарына қолжетімді мүмкіндіктер, білім беру жобалары, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолдары да айтылды.

«Біз – тәуелсіз елдің жастары. Біздің әр ойымыз, әр бастамамыз – ел болашағына қосылған үлес. Жастар өзіне сенсе, қоғам да өзгереді. Ең бастысы – әрекет пен бірлік» — деді қатысушылардың бірі Аяулым Амангелді.

Шара соңында қатысушылар жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп, өзара байланыс желісін кеңейтті.

Айта кетейік, бұндай шаралар Алматы қаласында жүйелі түрде ұйыдастырылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошла спортивная спартакиада среди воспитанников детских домов

В Алматы на базе специализированного комплекса для детей-сирот «Жанұя» состоялась спортивная спартакиада среди воспитанников детских домов города. Мероприятие реализовано...