Алматы жастары жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын тазартты

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында жастар мен волонтерлердің қатысуымен жалғызбасты зейнеткерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік акция өтті. Іс-шара барысында белсенді жастар бірнеше тұрғын үй ауласын тазалап, аумақты ретке келтіріп, қарт адамдарға күнделікті тұрмыста нақты көмек көрсетті.

Акцияға комьюнити-орталықтардың резиденттері мен еріктілер қатысып, аула тазалау, қоқыс жинау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бастаманың басты мақсаты — аға буын өкілдеріне қамқорлық таныту, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

«Біз осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты күшейткіміз келеді. Әрбір тазаланған аула –үлкендерге көрсетілген шынайы қамқорлықтың белгісі», — деді акцияға қатысқан волонтер Данияр Арғынбеков.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, түрлі әлеуметтік санаттағы азаматтарға қолдау көрсету бағытында тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...