Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Заң мен адалдық: полиция 200-ге тарта студентке дәріс өтті

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының полицейлері «Адал азамат» жобасы аясында ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруда. Соның бірі – Түркістан қаласындағы «Жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде» өтті. Жас буынмен кездесуге Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев арнайы барды.

Мақсат – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және бойларында адалдық қағидаларын нығайту.
200-ге тарта студент жиналған шарада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айтылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық кодекс, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң жан-жақты түсіндірілді.

Полиция полковнигі Н.Мырзатаев: «Адал білім, таза еңбек, әділ ұстаным – нағыз табыстың негізі. Сіздер – ертеңгі елге қызмет ететін мемлекеттік қызметкерсіздер. Сондықтан бүгіннен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырыңыздар. Пара бергенде, алғанда, арасында делдал болғанда қылмыстық жауаптылықтан қаша алмайды. Заң бұл тұрғыда қатал»,-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, ерлер арасындағы жекелей сайыста Олимпиада...