Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Бір наркозбен екі операция: АККА дәрігерлері ана мен сәбидің денсаулығын сақтап қалды

Танымал

Ел аузында

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері жүктіліктің 38-аптасында жатқан пациентке күрделі симультанды операция жасады — бір хирургиялық араласу барысында босандырып, сонымен қатар тамырлы ісікті алып тастады.

Пациент «жүктілік 38 апта» және «мұрын кіреберісінің гемангиомасы» диагнозымен түсті. Аталған түзіліс босану кезінде қан кету қаупін тудыратындықтан, жағдай аса мұқият әрі қауіпсіз шешімді талап етті.

Акушер-гинекологтар, анестезиологтар және ЛОР-дәрігерлердің қатысуымен өткен мультидисциплинарлық консилиум нәтижесінде кесар тілігін жасап, гемангиоманы бір мезгілде алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл тактика пациентті қайта операция жасау қажеттілігінен сақтап, ықтимал асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Алдымен акушер-гинекологтар кесар тілігін сәтті жүргізіп, дүниеге дені сау сәби келді. Одан кейін ЛОР дәрігерлері қан жоғалтпаудың алдын алу шараларын сақтай отырып, тамырлы түзілісті алып тастады.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында екі операция да сәтті өтті. Ана мен сәбидің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті.

Мамандар мұндай клиникалық жағдайлар жоғары кәсіби дайындық пен нақты үйлестіруді талап ететінін атап өтті. Аталған операция заманауи медицинаның мүмкіндігін және командалық жұмыстың тиімділігін көрсетті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Две операции — один наркоз: в АМКБ спасли здоровье матери и ребенка

В Алматинской многопрофильной клинической больнице врачи провели сложную симультанную операцию пациентке на 38-й неделе беременности — за одно хирургическое...