Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-18 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Тұтынушы құқығы заңмен қорғалған

Танымал

Ел аузында

Әрбір адамның өз құқығын білуі кез келген заңсыздықта өзін қорғаудың басты кепілі саналады. Бұл ретте ол тек өзіне ғана емес, сонымен қатар, айналасындағылардың да құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермейді. Сондықтан, құқықтық сауаттың маңызы зор. Мысалы, тұтынушы құқығына келсек, бұл адам өмірінде күнделікті кездесетін жайт.

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңда тұтынушылардың қауіпсіз және сапалы тауарлармен, сондай-ақ, қызметтермен қамтамасыз ету шаралары айқындалған. Қазіргі күннің өзінде сауда орындарынан «тауар қайтаруға жатпайды» деген жазбаларды көруге болады. Шын мәнінде мұндай ескерту жазбалар заңға қайшы.   

Жоғарыда аталған заңның талабына сәйкес, сатып алушының тауарды айырбастап алуға да, қайтарып беруге де құқығы бар. Нақты айтсақ, осы заңның 14-бабына сәйкес, азық-түлікке жатпайтын тауарды тұтынушы он төрт күн ішінде, егер сатушы немесе дайындаушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу немесе сатушы хабарлаған өзге де орында бағасында айырма болған кезде сатушымен қайта есеп айырыса отырып, осы тəріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастай алады.

Айырбастау тəртібі осы заңның 30-бабына сəйкес жүргізіледі. Сатушы немесе дайындаушыда оны айырбастайтын тауар болмаған жағдайда, сатып алушы төлеген ақшасын қайтарып алуға құқылы. Алайда, тауарды дәл осы сауда орнынан сатып алғанын растайтын құжат, төлем чегі болуы керек, яғни, дәлелдеуі тиіс.

Егер тұтынушы тауардан қандай да бір кемшілік тауып, оны ауыстыру туралы талап қойса, сатушы тауардың сапасын тексеріп, анықтайды. Мысалы, сараптама жасатады. Соның өзінде тауар талап қойылған күнді қоса есептегенде отыз күннен кешіктірілмей ауыстырылады.

Кемшілік тауардың техникалық жағынан табылса, сонымен қатар, шартты бұзу жəне тауар үшін төленген ақшаны қайтару талап етілсе, сатушы немесе дайындаушы мен орындаушы тарапынан талап үш жұмыс күні ішінде қанағаттандырылуы керек. Тауардағы кемшілікті сатушы шартта басқа мерзім белгіленбеген жағдайда тұтынушының келісімімен он күнде жояды.

Тауардың кемшіліктерін жою уақытын шартта белгілегенде оның мерзімі  жиырма күннен аспауы тиіс. Егер кемшіліктің сатылғаннан кейін пайда болғаны тиісті түрде дəлелденбесе тұтынушының талабын сатушы орындауға міндетті. Дер уақытында орындалмаса, шартта, Республика заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімі өткен əрбір күн үшін тауар құнының бір пайызынан кем емес мөлшерде тұрақсыздық айыбы төленеді.

Дау тараптар арасында өзара реттелмеген жағдайда айыппұлды өндіріп алу сотта қаралады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды роль атқарады.

Алма Абдухалыкова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Бір наркозбен екі операция: АККА дәрігерлері ана мен сәбидің денсаулығын сақтап қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері жүктіліктің 38-аптасында жатқан пациентке күрделі симультанды операция жасады — бір хирургиялық араласу барысында босандырып,...