Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Осы ретте Жетісай ауданында тәулік ішінде жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 70-ке жуық құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Атап айтқанда, тіркелген құқық бұзушылықтардың 31 дерегі қоғамдық орындарды ластаумен байланысты. Оның ішінде азаматтардың темекі тұқылдарын белгіленбеген жерге тастағаны анықталған.
Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірқатар фактілері тіркелді. Атап айтқанда, 10 жағдай жол белгілері мен таңбаларын елемеуге қатысты болса, 8 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұдан бөлек, 3 дерек бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтуге, ал 2 жағдай қарсы бағытқа шығуға байланысты анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтардың барлығы бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, тиісті хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
