Түркістан облысында жалпы пайдалану орындарын ластаудың 400-ден астам фактісінің жолы кесілді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жалпы пайдалану орындарын ластаудың 400-ден астам фактісінің жолы кесілді. Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және санитарлық нормаларды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге тастау, абаттандыру ережелерін бұзу мен жалпы пайдаланылатын орындардың ластану фактілерін болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Жыл басынан бастап Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен жалпы пайдаланымдағы орындардың ластануының 405 фактісі анықталып, жолы кесілді. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Мәселен бейнебақылау камералары арқылы Түркістан қаласы көшелерінің бірінен жол жиегіне құрылыс қоқысын шығару фактісі анықталды.
Бейнежазбада жүк көлігіндегі белгісіз адамдардың көше бойына қалдықтарды түсіріп жатқаны көрсетілген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келді. Тексеру барысында жергілікті тұрғын үйінен шыққан құрылыс қалдықтарын тиеп алып, оны бөтен көшедегі жол жиегіне қалдырғаны анықталды. Құқық бұзушы жауапқа тартылды, іс құжаттары сотқа жолданды.
Полиция азаматтарды абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде оның ішінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай тіршілік кешуде. Олар түрлі салада қызмет атқарумен қатар сол саланың...