Қазақстандықтарды интернет-алаяқтардан қорғау үшін шамамен 6 млрд теңге бұғатталды 

Танымал

Ел аузында

Интернет-алаяқтықтан келген шығын азайып, бұғатталған қаражат 6 млрд теңгеге жетті.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бейбіт Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алаяқтар қазақстандықтардан жымқырмақ болған шамамен 6 млрд теңге бұғатталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келген шығын көлемі қалай өзгергенін және тіркелген қылмыстар санының азаюы азаматтардың жоғалтқан ақшасының да қысқарғанын білдіре ме деген сауал қойды.

Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42 млрд теңгеге дейін азайды. Былтыр жалпы шығын 70 млрд теңгеден асқан еді, ал биылғы көрсеткіш қазір 40 млрд теңге шамасында. Қайтарылған қаражат көлемі де 12%-ға өсті. Былтыр бұл сома 5 млрд теңгеге де жетпеген. Қазір азаматтардың шоттарындағы бұғатталған қаражат көлемі шамамен 6 млрд теңгеге жетті. Яғни бұл – алаяқтардың ақшаны басқа жаққа аударуына жол берілмеген қаражат, – деді Бейбіт Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ Қазақстанда интернет-алаяқтық 21%-ға азайғанын айтты. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент Жолдауын қашан жариялайтынын жеткізді 

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын қашан жариялайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын қашан жариялайтынын айтты. Президент ол туралы Х парақшасында жазды.  28 қазанда түске...