Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицейлердің басты міндеті. Осы бағытта қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының бірі – Ордабасы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы полиция капитаны Елдос Ғаниұлы Келдібек.
Ол 2020 жылы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын тәмамдап, еңбек жолын Шымкент қаласында учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Кейін Түркістан қалалық батальонында қызмет атқарып, 2026 жылы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобына инспектор болып тағайындалған.
Бүгінде полиция капитаны жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалап, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқиғаларға жедел әрекет ету бағытында қызмет атқарады.
Ол жұмыста заманауи технологияларды, соның ішінде дрондар мен «Қорғау» ақпараттық жүйесін пайдалану қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.Қызметіне адал Елдос Ғаниұлы отбасында бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған қамқор әке.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН КАПИТАН
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі