Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Түркістан облысында пошташы екі сыбайласымен 35 миллион теңге ұрлап кетті

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында полицейлер 35 миллион теңгені заңсыз жолмен қалтаға басқан алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне пошта қызметкері белгісіз біреулердің 35 миллион теңге ұрлап кеткенін хабарлаған. 

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190 «Алаяқтық» бабы бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары камерадағы жазбаларды тексеріп, заттай айғақтарды зерттеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ақша ұрлаған пошта қызметкерін анықтады. Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. 

Тергеу кезінде полицейлер оның екі сыбайласын да анықтады. Олардың бірі – жергілікті тұрғын болса, екіншісі – семейлік азамат болып шықты. 
Пошташы мен оның екі сыбайласы алаяқтық жолмен 35 миллион теңге ұрлап, өз шоттарына аударып алған. Олар ақшаны өзара бөліскен. 
Үш күдікті де қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...