Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Алматылық үш тұрғын 250 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін қолдан жасап сатқан

Танымал

Ел аузында

Алматының үш тұрғыны жалған дәрі-дәрмекті айналымға жіберген. Олар антибиотиктер мен дәрумендерді штамптап шығарған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҰҚТ мүшелерінің ізіне баспахана арқылы шыққан. Мұнда заңсыз дәрі-дәрмектерге арналған заттаңбалар дайындалған.

Таблеткаларды сақтауға арналған қойма да табылды. Осы препараттарды сатып, алаяқтар 250 миллион теңге таппақ болған. Бірақ олар ұсталып, бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы бойынша ЭТД тергеу басқармасының басшысы Мұрат Оспанова іс-шара нәтижелері бойынша барлығы 60 мыңнан астам күмәнді дәрі-дәрмек тәркіленгенін айтады.

“Сот үкімімен үш айыпталушы ұйымдасқан қылмыстық топ құруға кінәлі деп танылды. Сондай-ақ жалған дәрілік заттар сату фактісі бойынша айыпталып отыр”, – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың...