Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады.
«Қазгидромет» 23 қарашаға бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавлда қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с-ке жетуі ықтимал.
Қарағандыда ертең бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетауда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде жел түнде оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысының батысында және орталығында тұман түседі. Атырауда 23 қарашада түнде және таңертең тұман болады.