Алматыдағы метро «Алтын Орда» базарына дейін созылатын болды

Танымал

Ел аузында

Алматы метросы енді «Алтын Орда» базарына дейін созылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов бүгін өткен брифингте хабарлады. 

«Енді метрополитен жолағы Қалқаман елді-мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі. 

Қосымша екі станция салынып, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», – деді әкімдік өкілі. 

Құсайыновтың пікірінше, бұл 150 мың тұрғынға ыңғайлы болмақ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының бірлесуімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған...