Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Актриса Сая Оразғалиева екінші сәбиін дүниеге әкелді

Актриса Сая Оразғалиева екінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол 3 желтоқсан күні ұлды болды.

Танымал

Ел аузында

Сүйінші хабарды Саяның өзі халыққа жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«03.12.21 күні сағат 21:56-да біздің ұлымыз дүниеге келді. Салмағы 3140 г, бойы 52 см.

«Сүйіктім, жанымда болғаныңа рахмет. Бұл құнсыз қолдау! Саған сыйым – сенің көшірмең! Мен сені сүйемін. Радмир, сенің інің жақында үйде болады. Енді екеуің қос қанатымсыңдар», – деп жазды ол.

Сондай-ақ актриса күйеуінің күні бойы жанында болғанын, тек босанар сәтте сыртқа шығып кеткенін атап өтті. Қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы жақсы.

Айта кетейік, бұл – Саяның екінші некесі. Алғашқы отбасынан актрисаның бір ұлы өсіп келеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...