Әнші Алла ата-анаға жасалған зұлымдықтың зияны жайлы баян етті. Көпшілікті ата-анаға құрметпеу қарауға шақырды.
Әнші блогер Батырға берген сұхбатында айтты.
Ердос Қанаев ең әуелі Алланың ұлықтығын айтып өтті. Екінші ондай құрметке ата-лайық деп есептейді.
“Біз айтып жатамыз ғой, әуелі Алла, сосын сенің арқаң деп. Олай айтуға тек ата-ана ғана лайықты. Анаң сені 9 ай құрсағында көтеріп жүреді. Еркек адам оған шыдамайды. Мәселен, бір 5 келі затты тастамай көтеріп жүр десең, ондайға шыдамайды. Күні-түні, жатсаң да, тұрсаң да көтеріп жүр десең, ешкім оған келіспейді. Ал әйелдер шыдайды. Олар дүниеге баласын әкелген соң да үнемі сенің қамыңды жейді. Сен үшін уайымдайды. Сенің құламағаныңды ойлап жүреді. Өмірінің соңына дейін сен үшін уайымдеп жүреді. Сондықтан әуелі Алла, екінші ата-анамның арқасы деп айтуға болады”, –деді Қанаев.
Әнші ананың бетіндегі әрбір әжім үшін біз жауаптымыз дейді. Ал оның разылығын алу әр азаматтың парызы.
“Ананың бетіндегі әрбір әжім, ағарған шаш үшін біз жауаптымыз. Біз үшін түскен әжімдер ол. Соны болдырмауымыз керек. Ата-анасын құрметтей алмай жүрген небір жігіттер жүр. Олар нағыз ездер. Адам ата-анасынан алыстап Дубайда, басқа жақта жүре беруі мүмкін. Асып-тасып өмір сүруі мүмкін. Бірақ Алла ата-ананы ренжіткен адамның жазасын осы өмірде бермей қоймайды. Егер бір күнә істесеңіз, қияметте оның жазасын алады. Ал ата-анаға деген зұлымдық ол ауыр”, – деді “Жігіттер” тобының мүшесі.