Қазақстанда құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендетілуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Асқар Мамин Қазақстан Халық партиясы депутаттарының сауалына жауап беріп, құтқарушылардың зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төменше жағдайлар министрлігі «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау бойынша заңдық актілерді толықтыру және өзгеріс ензіу туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Мұнда мынадай сұрақтар қарастырылмақ:

  • Азаматтық қорғау органы қызметкерлеріне тұрғын үй қаржысын төлеу және әскери істерге жақын жұмыс кезінде қосымша үстемеақы беру;
  • Құтқарушыларды арнайы атақ берілген азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің категориясына өткізу арқылы зейнет жасын азайту;
  • Жұмыс бабы бойынша көшкенде өтемақы төлеу, тұрғылықты орнын ауыстырғанда жүк тасымалына төленген ақшаны қайтару.

«Құтқарушылар мен азаматтық қорғау органы қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесі бюджеттің кіріс мөлшері мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қарастырылады. Бұл сауал құзырлы органдар мен үкімет назарында», – делінген хабарламада. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...