Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Жұлдыз Әбдукәрімова театрға жұмысқа тұрды

10 жыл бойы бала тәрбиесімен айналысқан Жұлдыз Әбдукәрімова 2017 жыл "Арман. Когда ангелы спят" фильмі арқылы елдің алдына шықты.

Танымал

Ел аузында

Жұлдыз бұл фильмнен кейін тележүргізушілікке бет бұрып, бірнеше бағдарламаны жүргізді. Енді актриса театр сахнасына қайта оралғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұлдыз Әбдукәрімова жары Қайрат Нұртаспен бір академияда білім алған. Мамандығы – актриса. Студент кезінде театрда жұмыс істегенімен, тұрмысқа шыққан соң өзін толықтай отбасына арнаған. Араға жылдар салып, актриса өз саласына қайта оралғанын хабарлады. Ол Түркістанда ашылған жаңа театрда жұмыс істемек. Алғашқы қойылымның күні де белгілі. 

«Қашан сізді кинодан, театрдан көреміз?» деген ең жиі қойылатын сұраққа бүгін жауап бере кетейін. Араға 10 жылдан астам уақыт салып, театр төріне қайта оралдым. Алланың қалауымен, бұл қадамым киелі өңірдің жаңа театрынан @turkistan_theatre бастау алды. Мұны өзім іштей жақсылыққа жорыдым. Жүректің күй сандығынан тәтті ән шығарар сезімге толы сырлы пьеса «Махаббат мұнарасында» мен Сұлудың рөлінде ойнаймын. Өнердің шын жанашырлары мен менің қолдаушыларымды 17-18 желтоқсан күні @turkistan_theatre-на шақырамын», – деп қуанышымен бөлісті Жұлдыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...