Қазақстандықтар басты мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. ЛА-155/18 мекемесінде мерейтойлық күн кеңінен аталып өтілді.
Жеке құрамның 85 пайызға жуығын мекеме бастығы марапаттады. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімінің атынан, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімінің атынан, Алматы қаласы Адвокаттар алқасының атынан, мәслихат пен денсаулық сақтау басқармасына ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Тәуелсіздік жылдар өз нәтижесін беріп, Қазақстан зайырлы, демократиялық елге айналды.
Осы жылдар аралығындағы еңбек ескерілді, ерлердің ісі еленіп, мемлекет тарапынан алғыс қошаметтер жасалды. ЛА 155/18 мекемесі отандастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!
ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша департаментіне қарасты ЛА-155\18 мекемесі