Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды

Танымал

Ел аузында

Зейнетақы жинағының  шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді», – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда салымшылардың көбісі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.

«Міне, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану аясында жер телімін сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр. Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек», – деп түсіндірді Ибрагимова.

Барлық құжат enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.

«Екі-ақ құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама», – дейді Ибрагимова.

Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...