Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда баспана бір жылда қалай қымбаттады?

Елде жаңа баспана нарығындағы баға бір жылда 15,2 пайызға, ал қайталама баспана нарығындағы баға 23,1 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Танымал

Ел аузында

Сарапшылардың мәліметінше, қарашада елімізде тұрғын үй бағасы 0,6 пайызға артып, шаршы метрі 354 мың теңгеге дейін жетті. Қайталама нарықта бағалар 1,1 пайызға, шаршы метр үшін 282 мың теңгеге дейін жетті. Бір жыл ішінде республикада жаңа тұрғын үй нарығындағы бағалар 15,2 пайызға, қайталама нарықта 23,1 пайызға өсті.

Жылжымайтын мүлік бағасы артуы әлемдік трендке айналды. Мысалы, Түркияда биыл екінші тоқсанда тұрғын үй 33 пайызға, Чехияда 14,7 пайызға, Эстонияда 11,9 пайызға қымбаттады. Португалия мен Германиядағы жаңа пәтерлер 7-8 пайызға қымбаттады. Бұл орайда Еуропада базалық мөлшерлеме 2016 жылғы наурыздан бастап 0 пайыз деңгейінде қалды, ал Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75 пайызға дейін көтерді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда тұрғын үй бағасы бұрынғыдай өспеген.

Қазақстанның ірі қалаларында үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үй бағасының жылдық өсімі Алматы үшін 13 пайыз, Нұр-Cұлтан үшін 15,6 пайыз, Шымкент үшін 16,8 пайыз болды. Қайталама нарықта көрсеткіштер жоғары (Алматыдан басқа), онда 9,8 пайыз, 27 пайыз және 54,6 пайыз болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...