Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына «қызыл» аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырғаны хабарланды. Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ПТР-сынама санын арттыруды, жедел бақылау жүргізуді және медицина қызметкерлерінің дайындығын, ауруханадағы қосымша орындарды, дәрілер мен медициналық заттардың жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...