Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
13.2 C
Almaty
18.4 C
Shymkent

Митинг символы – фотода ту ұстаған ер адамның есімі белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желі қолданушысы Аня Шөкеева қаңтардағы митингтердің символына айналған фотота ту ұстаған ер адамның Берік Әбішев атты азамат екенін жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ол тірі! Қазақстанның туын көтеріп, гранатпен атқылаған кезде алаңда жүрген жігіт – алматылық белсенді Берік Әбішев. Наразылық кезінде ол басынан жарақат алып, бүнінге дейін ес-түссіз жатқан. Қазір ғана есін жиды. Бірақ оның қайда екені белгісіз», – деп жазады Аня Шөкеева.

Басынан жарақат алған Берік есін толық білмейді. Оқ оның басын жанап өткені айтылады.

Айта кетсек, көз жасаурататын гранат атылған кезде Мемлекеттік туды ұстап, алға жүрген жігіттің видеосы мен фотосы бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде таралып кеткен болатын. Көп адам Берік Әбішевтің әрекетін қаңтардағы митингтердің символына теңеп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...