Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды

Танымал

Ел аузында

Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовты сынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қаңтарда дүйсенбі күнгі таңертеңгі жиналыста мегаполис басшысы азық-түлік бағасы өскеніне назар аударды. Өткен аптадағы есепте Сағынтаев Бостандық ауданында осындай 21 заңбұзушылық, ал Түрксіб ауданында бірде-бір заңбұзушылық анықталмағанын айтты. Ол аудан әкімі Алтай Рахымбетовтен мұндай жағдай қалай болуы мүмкін екенін түсіндіруді сұрады.

«Біз, керісінше, күн сайын тексеру жүргіземіз, осындай фактілерді анықтаймыз және дүкен иелерімен бағаларды төмендетуге жұмыс істейміз», – деп жауап берді Алтай Рахымбетов.

«Түрксіб ауданында заңбұзушылық жоқ деп айтқыңыз келе ме, яғни аудан әкімі жұмыс істемей ме», – деп сұрады Алматы әкімі.

«Жоқ, олай емес, күн сайын мониторинг жүргізіліп отыратынын айтқым келген», – деді Рахымбетов.

«Егер күн сайын мониторинг жасасаңыз, онда заңбұзушылықтар болмауы керек. Бақылауға алыңыздар, бұлай болмауы керек», – деді аудан әкімі Сағынтаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...