Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

«Қазақстан халқына» қорына ең ірі сома түсті

Танымал

Ел аузында

Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі. Қазақмыс пен KazMinerals компаниялар тобы «Қазақстан халқына» қорына 25 миллиард теңге аударды.

Осылайша, екі компания президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап отырғанын мәлімдеді.

«2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген Қазақмыс пен KAZ Minerals әлеуметтік мәселелерді шешу жолында Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған аударымдардың ішінде бұл әлеуметтік қорға құйылған ең ірі сома болып саналады. 20 қаңтарға дейін танымал кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен қарапайым халықтан барлығы 19,5 миллиард теңге түскен.

Соның ішінде «Kaspi bank» АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд теңге, «Халық» қайырымдылық қоры – 2 млрд теңге, «Степногорск тау-кен комбинаты» ЖШС – 350 млн теңге және тағы басқа кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, Нұрсултан Назарбаев қорынан 500 миллион теңге аударылды.

«Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек.

Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қоры құрылған болатын.

Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі.

Сондай-ақ қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек беріледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...