Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Утилизациялық алымнан түскен қаражатқа жаңа жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy . 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесиелеуге қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, көпбалалы отбасыларды, күш құрылымдарының қызметкерлерін, дәрігерлерді, мұғалімдерді қолдау жөніндегі шараларды қосымша қамтитын жаңа бағдарлама әзірленеді. Сондай-ақ кәдеге жарату алымынан түсетін қаражат есебінен «бірінші отбасылық автомобиль» кіші бағдарламасы іске қосылады.

Қолданыстағы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы басталған сәттен бастап қаржыландырудың жалпы лимиті 82 млрд теңгені құрайды.

Шарттарға сәйкес, көлік Қазақстанда құрастырылған болуы және бір машинасының құны 15 млн теңгеге дейін болуы тиіс. Несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. Соңғы қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспауы тиіс.

«Бағдарлама 20 жылға есептелген және револьверлік несиелендіруге негізделген. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 млрд теңгеге 30,5 мың қарыз берілді. 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алды. Бүгінде отандық өндірістің келесі брендтері қолжетімді: Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA», – деп түсіндіреді ведомствода.

Қазіргі уақытта бұған дейін іске асқан жеңілдетілген автонесие бағдарламасын Ұлттық Банк тарапынан қаржыландыру тоқтатылған. Осыған байланысты ИИДМ қаражат алудың жаңа көздерін іздестіріп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...