Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Лаңкестікті қаржыландыруы мүмкін: Қаржы мониторингі айырбастау пунктеріндегі бақылауды күшейтті

Танымал

Ел аузында

ҚР қаржы мониторингі агенттігі 500 мың теңгеден астам ақшаны айырбастаушы азаматтан анықтама қағазы мен тұрғылықты жерінің мекенжайын талап ету ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл талап қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес элементтерінің бірі болып табылады, деп атап өтті қаржы мониторингі.

«Алайда Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа, ақша айырбастау пункттерінің барлығы бірдей бұл ережені сақтамайды яғни өз тұтынушысын толық зерттемейді. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақша жымқыру) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң айырбастау пункттерінің клиенттерін толық зерттеуді ғана емес, сонымен қатар ішкі бақылау ережелерін әзірлеуді және бекітуді, терроризмге қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізімін бақылауды, сондай-ақ күдікті операциялар туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауды міндеттейді», – деп мәлімдеді агентство.

Күдікті операцияларға ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны тұрақты түрде айырбастау, үшінші тұлғалардың қатысуымен, түр-әлпеті күдікті тұлғалармен сонымен қатар терроризмді қаржыландыру қаупі жоғары елдерден келген шетел азаматтарымен валюта айырбастау жатады.

«Дегенмен Қазақстанда қаржылық операциялар туралы мәліметтерді жинау жүйесінде тіркелмеген айырбастау пункттері де бар.     Олардың қатарына «Royal Currency» ЖШС, «NURALI Exchange», ОП «МиК» ЖШС, «Leader Exchange» ЖШС, «Константа-А» ЖШС, «Семей Валюта» ЖШС, «Ромик» ЖШС, «Ай-Ару и К» ЖШС, «I’asi’na-Qazyna» ЖШС сондай-ақ «Тенгриа» ЖШС жатады. Қаржы мониторингі атап өткен айырбастау пункттеріне дереу WEB-SFM тіркеліп, заң талаптарын орындауды ұсынылады», – деп шақырды каржы мониторингі.

Ведомство заң талаптарын орындамау, оның ішінде күдікті операциялар туралы хабарламау әрекетін ақшаны жымқыру деп саналатынын және терроризмді қаржыландыру және айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Айта кетейік, 2021 жылғы есеп бойынша Ұлттық банк 134 айырбастау пунктін жауапкершілікке тартқан.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...