Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Минус 30°C-қа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шығыс циклонның артынан, Қара теңіз аудандарынан шыққан кең антициклон таралады. Осылайша, солтүстік аймақтарда, бұлттылықтың ашылу жағдайында түнгі уақытта қарқынды салқындату байқалады. Бұл өз кезегінде, қатты қардың соңынан, түнгі температураның төмендеуіне әкеледі. Мұнда термометр бағандары 15 және 16 ақпанға қараған түні 18-23°C-қа дейін, кейбір аймақтарда 27 градус аязды көрсетеді.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында, антициклонның ығысуына қарай 17 ақпан күні жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл күндері түнгі ауа температурасы республиканың шығысында 25-30 градус аязға, оңтүстік-шығыста 20-25 градус аязға дейін төмендейді», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба.Бұл сервис азаматтарға құқық қорғау...