Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Назарбаевтар отбасының шетелдегі шоттары тексеріліп жатыр ма: Сыбайлас жемқорлық агенттігінің басшысы жауап берді

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Назарбаевтар отбасына тиесілі офшорлық ақшаның заңдылығы тексеріліп жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, тексеріс жүргізу үшін құқықтық негіздеме қажет.

«Ол үшін қылмыстық іс қозғалып, ақшаның қылмыстылығы анықталуы керек. Егер басқа мемлекетте екені анықталса (…), тек осыдан кейін ғана – ол мемлекет салмақты дәлелдер ұсынғаннан кейін тексеруге болады. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ. Қылмыстық іс те өндірісте жоқ», – деді Ахметжанов мәжіліс кулуарында.

Айта кетері, шетелдік БАҚ Назарбаевтар отбасына тиесілі ақшаның заңсыз жиналғанын бірнеше мәрте хабарлаған еді. Атап айтқанда, Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева 300 миллион долларды Қазақстаннан заңсыз шығарғаны айтылды.

Қазір Қазақстан құқықтық көмек көрсету туралы 68 екіжақты келісімшартты ратификациялады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...