Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Ресейдің Украинаға басып кірген 4 күн ішінде 16 бала қаза тапқан

Танымал

Ел аузында

Укринаның денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко 24 ақпаннан басталған Ресейдің басқыншылық әрекеті кезінде 16 баланың қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ляшко жексенбі күні «Рада» телеарнасының эфирінде айтты, деп жазады «Интерфакс-Украина».

«Төртінші күн… жаралыларға тәулік бойы операция жасап, біз олардың өмірін сақтап қалып жатырмыз. Балаларға да ота жасаймыз. Өкінішке қарай, 16 баланы аман алып қала алмадық», – деген ол.

Министрдің айтуынша, бұл бейбіт халыққа оқ жаудырған лаңкестердің әрекеті.

«Бұл орыс әскерінің, алайда оларды әскер деуге келмейді, дәрігерлерге, балаларға, мектептерге, балабақшаларға қарсы қару кезеген лаңкестердің оқ жаудыруының нәтижесі. Мен тағы да қайталаймын: бұлар әскер емес – бұлар лаңкестер», – деген Виктор Ляшко.

Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

«Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым», – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...