Тоқаевтың шешімімен Алматыдағы президент резиденциясы сүрілетін болды

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады”, – деп жазды Берік Уәли Instagram парақшасында. 

Айта кетсек, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде президенттің бұрынғы резиденциясы отқа оранды. Бүлікшілер алдымен есік-терезені сындырған. Аулада тұрған көліктерді өртеп жіберген.

Президенттің резиденциясы астанаға ауысқаннан кейін ғимаратта ешкім отырмаған. Бұл нысан тарихи-мәдени есткерткіш болып саналады.

Құрылымдау және даму көпбейінді институты бүлінген нысанға техникалық тексеру жүргізгені хабарланған болатын. Институт сарапшылары қауіпсіздік пен жер сілкінісіне төтеп беруге арналған тіреуіш құрылымын ауыстыруға болады деген еді. Тіпті бірнеше компания қалпына келтіру жұмысын тегін жасап беруге дайын болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“Әлқисса” өнер мектебінің шәкірттері Нью-Йоркте ұлттық өнерді дәріптеді

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. “Әлқисса” өнер мектебінің дарынды шәкірттері Американың алып шаһары – Нью-Йоркке...