Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қорғаныс министрлігі: Біз Ресейді де, Украинаны да қолдамаймыз

Танымал

Ел аузында

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның Ресейді де, Украинаны да қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан соғыс болып жатқан Украинаға әскер жіберу жайын қарастырған емес. Өйткені, бұл мәселеде бейтарап ұстанымда. 

“Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Біз екі мемлекетті де қолдамаймыз. Ресейді немесе Украинаны қолдауға бізде негіз жоқ. Бұған қатысты ешқандай мәселе болуы мүмкін емес”, – дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов. 

Әлеуметтік желілерде қазір қазақ сарбаздары мен әскери техника Украинаға жіберілгелі жатыр деген ақпарат желдей есіп тұр.

Бірақ, Қорғаныс министрлігі бұның шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Дәл осы уақытта жыл сайын болатын оқу-жаттығу басталып, ел ішінде әскери техника арлы-берлі үздіксіз жүріп жатыр. Мысалы, Қарағандыдан Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілген. Осыны видеоға түсіргендер әдейі қауесет таратыпты.  

“Парламенттің қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігі әскери контингентті қандай да бір мемлекетке жіберуге өкілеттілігі жоқ. Қорғаныс министрлігі бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Қазір ел ішінде жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Оның уақыты осы оқиғаларға сәйкес келіп тұр”, – дейді қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...