Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Қайтып оралмай ма деп қорқамын»:Тұтқынға түскен ресейлік әскерилердің отбасы жақындарының жағдайын біле алмай жүр

Танымал

Ел аузында

Ресейдің түкпір-түкпіріндегі отбасылар ағаларын, әкелерін, ұлдарын бірі күйеулерін іздеп сабылып жүр. Олардан 24 ақпанда Ресей әскері Украинаға басып кірген күннен бері хабар-ошар үзілген. Ресейдегі ақпараттың жеткіліксіздігінен кейін туыстары украиндықтар құрған веб-сайттар мен Telegram арналары арқылы жоғалған сарбаздар мен офицерлер туралы білуге тырысуда. Ал тұтқынға түсіп қалған әскерилердің фотосы мен видеосы олардың туыстарын одан әрі есеңгірете түсуде. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News сайтының орыс басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей мен Украина тарапынан қаза тапқандар, жараланғандар және тұтқынға алынғандар туралы ресми деректер бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді. Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскердің шығыны туралы шабуылдың тек жетінші күні өткенен кейін ғана хабарлады – 498 адам. Министрлік украиналық тараптың шығыны көп екенін атап өткен – 2870-тен астам адам қаза тауып, 3700-ге жуық адам жарақат алды. Ал 572 украиналық тұтқынға түскен.

Украина бас штабының мәліметтері мүлдем бөлек – 3 наурыз күні таңертең Украинадағы соғыс қимылдарының бүкіл кезеңінде ресейлік әскерлердің шығыны 9 мың адамға бағаланған. Бұл қатарға олар тұтқындар, қаза тапқандар мен жараланғандарды да қосқан. Ал бұл сандарды тексеру мүмкін емес.

Тұтқындар туралы алғашқы видеолар өткен аптаның соңына қарай тарала бастады. Таралған бейнежазбаларда – Ресей армиясының әртүрлі бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері көрсетілген. Олардан аты-жөні мен туған күнін, әскери бөлімнің нөмірі мен Украинаға келу мақсатын сұрайды. Бұқаралық ақпарат құралдары жекелеген әскери қызметшілердің сөздерін тексерген және олардың камераға өздері туралы айтқан сөздерінің жалған емес екенін растай алады.

27 ақпанда Украина тарапы «Жақыныңды ізде» атты ресурсты ізке қосқанын айтты. Аталған сайтта ресейлік сарбаздардың туыстарын тұтқындар мен өлгендердің тізімдерімен салыстыру үшін деректерді қалдыру ұсынылған.

Арада бір күн өткен соң Ресей билігі сайтты бұғаттап, сарбаздардың аты-жөні мен туған күні жазылған өтініштер жинағы Telegram арнасына ауысты. 
Қазір бұл арнаға жазылушылардың саны 61 мың адамға жетіп жығылады. Алайда парақша авторларының мәліметінше, өтініш берген 19 адам ғана туыстары мен достарының жағдайын нақты біле алған.

«Ол соғыс болса соғыс деп айтты»

Мәскеу түбіндегі Кубинка қаласының тұрғыны Вероника Пескишеваның 23 жастағы күйеуі келісім-шарт бойынша 45-ші десанттық бригадада қызмет етеді. Әйелдің айтуынша, Алексей Трубников Беларусьте оқу-жаттығуда жүрген, ал 22 ақпанда кешкісін қалыңдығына «оларды соғысуға жіберіп жатқанын» айтып жазған. Ол сонымен қатар «қорғансыздарды арашалау үшін баратынын айтты», – деп еске алады Вероника.

«Мен сосын ол жақта соғыс болып жатыр, қайдағы қорғансыздар. Ал ол болса «демек соғыс болса соғыс» деді. Олар қайда бара жатқанын да білген жоқ», – дейді Пескишева.

Сол күннен бері Вероника Алексейдің жағдайы туралы ешқандай ақпарат ала алмаған.

«Мен оның қазір қайда екенін, жағдайы қалай екенін де білмеймін. Оның қайда екенін білу үшін телеграм арналарда өтініш қалдырдым. Ешқандай байланыс жоқ. Мен оның әскери бөлімі жарытып мәлімет береді деп айта алмаймын. Ол жаққа хабарластым, бірақ нөмірлерінің барлығы өшірулі. Олардың бригадасына әуеден атыс жасалғаны туралы ақпарат шығып жатыр», – дейді Вероника.1

Пескишева Алексей қызмет ететін әскери бөлімнің әкімшілігіне барғысы келеді.

«Бірақ маған қандай да бір ақпарат айтады деп ойламаймын. Біз некеге де тұрмағанбыз, бір біріміз үшін бөтен жандармыз. Ал ол жерде ақпаратты тек туыстарына ғана береді. Бірақ басқа баратын ешкім жоқ, ол балалар үйінде өскен. Анасы бар, бірақ екеуінің қарым-қатынасы нашар», – деп түсіндірді әйел.

«Қайтып оралмай ма деп қорқамын»

Иркутск қаласының тұрғыны Васса Васильева 21 жастағы жиенін, әжесінің ұлы Тимур Очировтың іздеп жүр. 

«Ол Калинин атындағы Таман дивизиясында ма, белгісіз… Біз олардың әскери бөліміне хабарласқан жоқпыз. Біз украин телеграмм арналарына өтініш қалдырдық», – дейді Васильева,

Очиров келісімшарт бойынша әскери қызметші, Мәскеу түбінде қызмет еткен, туыстарына соңғы рет екі апта бұрын хабарласқан.

«Оның Украинаға жаттығу деген желеумен жіберілгенін білеміз. Екі апта бұрын ол Мәскеуден шекараға жіберілгенін жеткізді. Содан бері ешқандай хабар жоқ. Бірақ бізде оларды сол жаққа жіберуге болады деген ой болды, оның сонда жіберілетінін сезгендей болдық», – деп қосты әйел.

Васильева орыс әскерлерінің тек әскери нысандарға шабуыл жасап жатқанына онша сенбейтінін жеткізді.

Барнаулдық Виктория Гурова ағасы Александр Артищевті іздейді. Бір апта бұрын келісімшарт бойынша әскери қызметші үйіне телефон соғып, жаттығуда екенін айтқан. Содан кейін жоғалып кеткен. Гурова оны Украинаға жіберді ме деп болжайды.

«Олар өздерін Украинаға жіберіп жатырғанын түсінді ме жоқ па оны білмеймін. Түсірілген кадрлар – өте қорқынышты. Ол енді қайтып оралмай ма деп қорқамын. Мен Украинаның әрекетін түсінбеймін. Егер бауырым шынымен сол жақта болса, онда әділдік үшін жүрген болар. Мен онда қандай жағдай болғанын естідім. Ал біздің армияның ниеті қаншалықты таза екенін де білмеймін», – дейді Гурова.

Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

«Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым», – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

27 ақпан күні Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келіскені жазылған. Арнайы делегация Беларуське аттанған.

4 наурыз күні өткен Ресей мен Украина арасында өткен екінші келіссөз отырысында екі жақ жақын арада гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, кей аймақтарда атысты тоқтататындарын мәлімдеген. Украина президенті кеңсе басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, алда үшінші келіссөз өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...