Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Қазақстанда автокөліктер бір күнде 2 миллион теңгеге қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда теңге курсының құлдырауына байланысты автокөліктер қымбаттап жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Мысалы, Жапонияның Toyota Camry көлігінің бағасы бір күнде 2 миллион теңгеге өскен. Қазір оның айтулы маркалары 17 810 000-18  860 000 теңге тұрады. Орташа көліктері 15 360 000 теңге мен 17 600 000 теңге аралығында бағаланып отыр.

Сол сияқты, Hyundai Accent-тің бағасы да көтерілді. Ол 6 390 000-7 490 000 теңгеге сатылады. Hyundai Santa Fe 14 090 000-17 490 000 теңгеге, Hyundai Elantra-ның бағасы 8 390 000-12 190 000 теңгеге жеткен.

Kia K5 автокөлігі 10 490 000 теңгеге өскен. Ресейден шығатын темір тұлпарлардың бағасы да шарықтап тұр. LADA Vesta SE 10 337 000 теңгеге сатылса, осыдан 2 жыл бұрын 5 миллион теңге болған Largus-тың бағасы 2 есеге көтерілген. Largus VAN 8 163 000 теңгеге, ал Largus Cross 9 701 000 теңгеге сатылып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...