Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Голливуд Қазақстанға санкция жариялады ма?

Танымал

Ел аузында

Голливуд Қазақстанға қарсы санкция жарияланған жоқ. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, Голливуд киностудиялары өз фильмдерін Қазақстанда көрсетуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жоқ.

«Голливудтық компаниялардың ешқайсы Қазақстанға санкция жариялаған жоқ. Яғни, әлі ешкім ресми түрде қазақстандық кинотеатрларда голливудтық фильмдерді прокаттаудан бас тартпады», – деді Шүкенов.

Сонымен қатар, ол Kinopark және Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің басшысы Алмаз Меңдібаевтың мәлімдемесі туралы пікір білдірді.

«Қазақстандық кинотеатрлардың жабылуына ешқандай объективті себеп жоқ. Дегенмен, Kinopark желісінің неге жабылу туралы шешім қабылдағанын білмеймін. Менің ойымша, біз білмейтін шикілік бар», – дейді Шүкенов.

Еске салайық, кеше Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылатынын мәлімдеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...