Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Қазақстандағы әуекомпаниялар қызметі бір жыл бұрынғыға қарағанда, 18 пайызға жуық қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпанның қорытындысы бойынша, әуе билеттерінің бағасы бір жылда Шығыс Қазақстан облысында бірден 45,7 пайызға өсті. Алғашқы үштікте: Маңғыстау облысы – 43,2 пайыз және Түркістан облысы – 34,8 пайыз.

Екі облыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермегені, ал Павлодар мен Жамбыл облыстарында 14,2 және 22,2 пайызға төмендегені нақтыланды.

«Биыл ақпанда елдегі жолаушылар әуекөлігі қызметтерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 17,7 пайызға өсті», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ресейге қарсы санкциялар аясында Қазақстанның әуе тасымалы мен логистика секторы өзгереді деп күтіледі.

Осылайша, әуе кеңістігін жабуға қатысты қазіргі жағдайға байланысты әуе ағынының бір бөлігі Қара теңіз аймағынан Қазақстан аумағына қайта бағытталды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Елдің аэронавигация жүйесінің мүмкіндігі қосымша әуе қозғалысын шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді, делінген министрлік хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...