Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Танымал

Ел аузында

Рахат Тоқбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР қаржы министрінің бұйрығы бойынша, Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастаған.

1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары – Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары – Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.

2007-2013 жылдары – Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

2013-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі....